Архив событий

21/08/2020

Қарағанды облыстық сотының төрағасы «Заманауи соттар – ел игілігіне қызмет» тақырыбында виртуалды сұхбат берді

21/08/2020

Бүгін Жоғарғы Соттың виртуалды қонақжай алаңында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов болды. Спикер тұрғындармен кері байланысты ұйымдастыру, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, өңірдегі сот органдарының инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Н.Шәріпов сотқа келушілерге жасалған жағдай туралы айта келе, Қарағанды соттарында 15 фронт-кеңсе ашылғанын хабарлады. Мұнда ақпараттық орталық, өзіне-өзі қызмет көрсету алаңы, заманауи күту залдары, адвокаттарға, медиаторларға, Билер кеңесіне арналған бөлмелер қарастырылған.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымына жаңа соттар әкімшісі таныстырылды

21/08/2020

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов ұжымға өңірдегі соттар әкімшісінің басшысын таныстырды.
Жаңа басшы болып Біржан Саутов тағайындалды.
Ерлан Айтжанов соттар әкімшісінің басшысын таныстыра келе, Біржан Саутовтың тәжірибесі сот әкімшілігін сапалы деңгейде қамтамасыз ету бойынша міндеттерді лайықты атқаратындығына сенім білдірді.