Неге мұрагер жылжымайтын мүлік құқығын тіркеуден бас тартты?

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Банк Р.-ны мұрагерлік және мүліктік құқықтарды тіркеу туралы куәлікті алуға мәжбүрлеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген (№ 6001-21-00-3гп-537 іс). Жауапкер Р. қайтыс болған жұбайынан қалған мұраны іс жүзінде қабылдаған, бірақ осы күнге дейін жылжымайтын мүлік туралы заңға сәйкес мұрагерлікке құқық туралы куәлікті ресімдемеген. Жауапкердің осы әрекеттері одан Банктің пайдасына соманы өндіру туралы сот шешімін орындауға кедергі келтіреді.

Мұрагерлiк құқық туралы куәлiктi алу мұрагердiң мiндеттемесi емес, құқығы болғандықтан, жергiлiктi соттар Банктiң талабын қанағаттандырудан бас тартқан. Мұрагерлік туралы қолданыстағы заңнама кредиторлардың өтініші бойынша мұра қалдырушының мүлікке құқықтарды міндетті түрде тіркеуін қарастырады, ал Банк мұра қалдырушының кредиторы болып табылмайды.

Сот актілерін қарау кезінде кассациялық саты мынадай мән-жайларды анықтады.

Жауапкер Р. жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдаған. Алайда, ол талаптары заңды күшіне енген сот шешімдеріне негізделген Банк алдында мүліктік жауапкершіліктен қашу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден жалтарған.

Жауапкердің өзі қабылдаған мұраны заңдастыруды қаламауын сот алқасы мүлікті өндіріп алуды болдырмау ниеті деп бағалады, бұл Банктің өндіріп алушы ретіндегі құқықтарының бұзылуына әкеліп соғады.

Жауапкер қабылданған мұрагерлік мүлікті тіркеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудан бас тартуы, Банктің талабы заңды болып табылады.

Кассация жергілікті соттардың сот актілерін өзгертті, мүліктік құқықтарды тіркеуге мәжбүрлеу туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тарту бөлігінің күші жойылды. Банктің талабын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды. Жауапкер Р.-ға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеуді міндеттеді.  

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі