Медиация туралы заңдарға енгізілетін түзетулерді талқылаймыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, республикадағы соттар мен медиаторлардың ұсыныстарын ескере отырып, «Медиация туралы» Заңға және медиация мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын әзірледі. 

Заң жобасы мемлекеттік органдарға, медиаторлардың, адвокаттардың, нотариустардың, денсаулық сақтау, кәсіподақ қоғамдық ұйымдары мен «Атамекен» ҰКП-ге қарау үшін жолданды.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен осы жерде таныса аласыздар.

Заң жобасы бойынша ұсыныстарыңызды mediationank@gmail.com электронды поштасына жолдауға болады.

Барлық ұсыныстар ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-де жинақталады. «Қоғамдық келісім» РММ Медиация және халықаралық ынтымақтастық секторы қызметкерлерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 741-228, 741-288.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі