Азаматты ҚР шегінен тыс шығару қажеттігін куәландыратын негіздер жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қалалық полиция басқармасы Ресей Федерациясының азаматтығы бар азаматтың мас күйінде көлік жүргізіп, болу елінің заңнамасын бұзғанын көрсетіп, азаматты республикадан тыс шығарып жіберуді сұраған (6001-23-00-3ГП/64).

Сот уәкілетті органның өтінішін қанағаттандыра отырып, шетелдіктің келген елдің құқықтық тәртіп нормаларын құрметтемеу арқылы әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын атап өткен.

Сот шетел азаматы жасаған бұзушылықтардың ауырлығына, олардың қоғам мен мемлекет үшін қауіптілігіне қарай шешім қабылдауға, құқық бұзушының кінәсінің дәрежесін, отбасылық байланыстардың болуын және өзге де елеулі мән-жайларды ескеруге тиіс болды. Шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім адамның негізгі құқықтары (шығарып жіберілетін) мен қоғам мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етудің жалғыз мүмкін әдісі ретінде осындай шешім қабылдаудың нақты қажеттілігін растайтын объективті деректерге негізделуге тиіс.

Жоғарғы Сот істі қарап, азаматтың Қазақстан аумағында заңды негізде, уақытша тұруға рұқсаты бар, этникалық қазақ болып табылады, қандас мәртебесін алған және жұмысқа орналасқан деп есептеді. Қазақстанда оның тұрақты қарым-қатынастағы кәмелетке толмаған баласы тұрады.

Азаматты ҚР аумағынан шығару қажеттігін куәландыратын негіздердің жоқтығы атап өтілді.

Іс бойынша шығарылған сот актісінің күші жойылды.

Полиция басқармасының шетелдікті шығарып жіберу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі