Апталық шолу (25-29 қаңтар)

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1. Сотқа дейінгі тергеу органдары бұрынғы вице-министр А.Шкарупаны, бұрынғы қор төрағасы Қ.Байдалыны, «ENERCO» ЖШС директоры Е.Нәбиевті 2015 жылы Қарағанды облысының Саран қаласы тұрғындарының үйлерінде жылу энергиясын есепке алу тораптарын орнатуға 215 миллион көлемінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» АҚ бөлген ақшалай қаражаттан 104 427 234 теңгені иемденгені және жымқырғаны үшін айыптаған.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты:

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы айыптау актісінде қылмыс жасау тәсілін, атап айтқанда, ұрлау, иемдену немесе талан-таражға салу жолымен қалай жасалғанын көрсетпегенін;

2. Іс бойынша жүргізілген, келтірілген залал сомасын болжамды растайтын сараптамалар оларды жүргізу тәртібінің елеулі бұзылуына байланысты жол берілмейтін дәлелдемелер деп танылғанын, сарапшылар мен мамандардың қорытындылары жылу энергиясын есепке алу тораптары мамандарының дұрыс толтырылмаған тексеру хаттамасына негізделгенін;

3. Е.Нәбиев, А.Шкарупа мен Қ.Байдалы арасындағы қылмыстық сөз байласу фактісі расталмағанын;

4. Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушылардың кінәлілігі туралы жеткілікті және бұлтартпас дәлелдер алынбағанын анықтады. Іс бойынша жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерінде кінәлілік дәлелдері жоқ. Іс бойынша айыпкер тарапынан жауап алынған куәгерлер сотталушылардың кінәлілігі тікелей немесе жанама растамағаны анықталды.

5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру келтірілген залал сомасы көрсетілмей баянат негізінде заңды өрескел бұза отырып, растайтын құжаттарды қоса бере отырып басталған, ал заң мұндай құжаттарды тіркеуге тыйым салады. Залалдың болмауы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективті жағын жоққа шығарады.

Соттың үкімімен

ҚПК-нің 19-бабының талаптарын ескере отырып, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәлілігіне сейілмеген күмәндар олардың пайдасына түсіндіріледі, сот сотталушыларды кінәсіз деп таныды және әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оларды ақтады.

Олардың оңалтуға деген құқығы танылды. Сот ҚР Бас прокуратурасының атына сотқа дейінгі тергеу барысында заң нормаларын бұзуға жол берілген жеке қаулы шығарған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

2. Павлодар облысының Қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен кәмелетке толмағандарды бірнеше рет зорлау, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау, қаруды, есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық істі қарады.

Ж. 2016 жылғы 24 наурыз және 2020 жылғы 4 қаңтар аралығындағы кезеңде бірнеше рет кәмелетке толмаған баланы зорлаған, сондай-ақ кәмелетке толмаған үш балаға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Тінту барысында Ж.-ның гаражынан кесілген шолақ атыс қаруы, тұрғылықты жері бойынша есірткі табылды.

Соттың шешімі

Алқабилердің бірауыздан қабылдаған үкімімен оған тағылған айыптар барлық эпизодтары бойынша Ж.-ның кінәлілігі туралы шешім қабылданды және оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі