Архив событий

12/03/2021

Жоғарғы Соттың Коммуникация орталығының басшылығы «Нұр-Медиа» холдингінің ұжымымен кездесті

12/03/2021

Судья, Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов пен Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов «Нұр-Медиа» холдингінің шығармашылық ұжымымен кездесті.

Холдинг басшысы Болат Кальянбеков «Айқын» және «Литер» газеттері, «Астана» телеарнасы, «Азаттық Рухы» порталы, «Астана» және «НС» радиостанциялары журналистерінің заманауи жұмыс форматтары туралы хабардар етті.

БҚО сотының баспасөз қызметімен виртуалды кездесу өтті

12/03/2021

Жоғарғы Соттың Коммуникация орталығы облыстық соттардың баспасөз қызметіне онлайн-кездесулер өткізуді бастады. Мақсаты – әдістемелік және консультативтік көмек көрсету.

Бүгін осы жаңа формат Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдерімен виртуалды кездесу өткізу арқылы сынақтан сәтті өтті.

Іс-шараға облыстық сот төрағасы Рүстем Мырзакәрім, сот алқаларының төрағалары, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьялар Т.Оразова мен Г.Миниус, Соттар әкімшісінің басшылығы, баспасөз қызметінің өкілдері қатысты.