Архив событий

05/03/2021

Құрметті ханымдар!

05/03/2021

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанда гендерлік саясатқа айрықша мән беріледі. Мемлекет басшысы әйелдердің ел болашағын көркейтудегі, ұрпақ тәрбиелеудегі рөлін әрдайым жоғары бағалайды.

Заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот төрелігін жүзеге асыруға біздің нәзік жанды әріптестеріміз де зор үлес қосып келеді. Әйелдер табиғатынан байыппен тыңдап, мәселенің төркінін түсінуге, сабырлық танытып, сындарлы шешім қабылдауға бейім. Мұның барлығы – халықпен жұмыста, дау-дамайды шешуде таптырмайтын қасиеттер.

Мемлекеттік сатып алуға «жалған» қатысу бәсекелес емес ортаны қалыптастырады

05/03/2021

Жоғарғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы кезекті отырысында 11 істі қарады.

 

ЖШС-нің және мемлекеттік органның дауы бойынша

Екі шаруашылық жүргізуші ЖШС фармацевтикалық қызметпен айналысқан. Қостанай облысының аумағындағы мемлекеттік сатып алу субъектілері бола тұрып, олар конкурстарға әлеуетті өнім берушілер ретінде қатысқан.

Бірінші сатыдағы соттың ақтау үкімі қалпына келтірілді

05/03/2021

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының отырысында 5 іс қаралды. Оның ішінде, бір іс тоқтатылды, басқа іс бойынша – сотталған адамның  әрекеттері онша ауыр емес құрамға қайта сараланды. Есірткіні сақтау және өткізу туралы айыптау бойынша бірінші сатыдағы соттың ақтау үкімі қалпына келтірілді.

 

Н. Тайтөлеудің ісі бойынша

Сот үкімімен Н.Тайтөлеу денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін (ҚК-нің 106-бабы        2-бөлігінің 7-тармағы) кінәлі деп танылған. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.