Жамбыл облыстық соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылады
Жамбыл облыстық сотында өткен кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың мамандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, өңір судьялары қатысты.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмахамат Абидов 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарына қарау үшін 1108 қылмыстық іс түсті. Оның ішінде 774 қылмыстық іс бойынша 879 тұлғаға қатысты үкім шығарылды, 140 қылмыстық іс 181 тұлғаға қатысты қылмыстық іс өндірісімен қысқартылды.