Республиканың сот органдары қайырымдылық акциясын өткізді
Жоғарғы Сот жанындағы департамент басшысы І.Испановтың бастамасымен сот органдары қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция шеңберінде сот жүйесінің қызметкерлері көп балалы, аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
8 баланының анасы, «Алтын алқа» кеуде белгісінің иегері Гүлшат қала шетіндегі Силикатный ауданында тұрады. Отбасының материалдық жағдайы төмен, меншігінде баспанасы жоқ. Гүлшат өз балаларымен тұруға қолайсыз уақытша баспананы жалдап тұруға мәжбүр.