Жоғарғы Сот Департаментінің басшысы Н.Ахметзакиров Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік сапарда болды
Екікүндік сапардың мақсаты – өңір соттарының жұмысымен танысу, кеңейтілген кеңеске қатысу.
Наиль Ахметзакиров Петропавл қ. №2, мамандандырылған ауданаралық экономикалық, қалалық, тергеу, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық соттарының ұжымдарымен кездесті. Департамент басшысы фронт-офистер мен медиация кабинеттерінің жұмысымен танысты.