850 миллион теңгенің дауы татуласу арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

АҚ берешекті өндіріп алу туралы ЖШС-ға талап қойып Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот тараптар арасында тауарлық газды жеткізуге шарт жасалғанын анықтады. Талап қоюшы осы газды жеткізуге және беруге, ал жауапкер шартта белгіленген мерзімде оның құны үшін ақы төлеуге міндеттенген болатын.

Талап қоюшының жауапкерден бір ерекшелігі қабылданған міндеттемелерді орындаған. Осыған байланысты ЖШС осы мекемеге          850 000 000 теңгеге қарыз болды.

Істі сот талқылауына дайындау барысында судья тараптарға бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып дауды шешуді ұсынып, медиативтік келісімді жасасу тәртібін, оның салдары мен артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынды. ЖШС оның шарттары бойынша АҚ-ның 850 000 000 теңге мөлшерінде қойған талабын мойындап, осы соманы алдағы алты айдың ішінде төлеуге міндеттенді және АҚ талап қою арызынан бас тартты.

Сот келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Талап қоюшыға 6 992 704 теңге мемлекеттік баж қайтарылып берілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі