Медиативтік келісім бойынша 12,8 миллион теңге берешек қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Акционерлік қоғам ЖШС, ЖК және КШ-дан 12 839 359 теңге берешекті өндіру туралы талап қойып, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына жүгінді.

Сот отырысында тараптарға дауды медиация тәртібімен шешу құқығы түсіндірілді. Нәтижесінде тараптар сотқа медиативтік келісімді бекіту туралы өтініш ұсынды. Оның шарттары бойынша жауапкерлер талап қоюшыға          12 839 359 теңге қарызды қайтарып берді, ал талап қоюшы қойған талабынан бас тартты.                   

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Сомасы 385 181 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды және өндіру бойынша азаматтық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі