Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылғын ауданаралық экономикалық соты 415 дау бойынша тараптарды татуластырып, талап қоюшыларға 107 миллион теңге төленген мемлекеттік бажды қайтарып берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты татуластыру рәсімдерімен 415 дауды, соның ішінде медиация жолымен 369 дауды  реттеді. Талап қоюшыларға 107 027 170 теңге төленген мемлекеттік баж қайтарылды.  

Аймақтың барлық соттарында татуластыру кабинеттері іске қосылып, жұмыс атқаруда. Ақпараттық материалдармен, жайлы жиһазбен жабдықталған бұл кабинеттерде түрлі татуластыру рәсімдері жүргізіледі. 

Медиативтік рәсімдер заңды тұлғалардың арасындағы күрделі экономикалық дауларды шешуде тиімді қолданылып келеді.

Судьялар істі сот талқылауына дайындаған кезде және басты сот талқылауы барысының өзінде тараптарға татуласу рәсімдерінің артықшылықтарын айтып, сондай-ақ олардың мемлекеттік баж сомасын қайтарып алу мүмкіндіктерінің бар екендігін түсіндіреді. Осындай еңбекті талап ететін жұмыс, тәжірибе көрсетіп отырғандай, өте тиімді. 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі