Медиациялық келісім шарттарына сәйкес 62,5 миллион теңге берешек қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бір ЖШС-нің екіншісіне 62 503 920 теңге берешекті, 2 281 990 теңге тұрақсыздық және 4 862 389 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Бұрын серіктестіктер арасында жеткізу шарты жасалған. Дау ЖШС бірінің осы шартты орындамауынан туындаған.

Судья істі қарау кезінде тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығын түсіндірді, оның артықшылықтары туралы айтып берді. Тараптар өз кезегінде татуласуға келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол қойды. Оның шарттарына сәйкес, жауапкер талапкерге кесте бойынша берешектің барлық сомасын бөліп төлеуге міндеттенді, ал талапкер жауапкерден тұрақсыздық айыбын өндіріп алудан бас тартты.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талапкерге 4 862 389 теңге мөлшеріндегі төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі