Алматы облысының соттары медиацияны қолдану шекараларын кеңейтуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы өңірінің соттары  2019 жылдың 6 айында татуластыру рәсімдерін қолдана отырып 1 377 іс (2018 жылдың 6 айында  - 929) тоқтатты.

Көбінесе татуластырумен неке-отбасылық, берешекті өндіріп алу және шарттық міндеттемелерді орындау туралы даулар шешіледі, мұрагерлік және жерге қатысты даулар сирек шешіледі. Көп жағдайда соттар бірінші сатыдағы сот шешім шығарғаннан кейін, тараптар істі татуластыру арқылы нақты шешуге болатынын байқайды. Алайда, шағымдану құқығын пайдалана отырып, аппеляцияға жүгінеді, онда судьялар міндетті түрде әңгімесу жүргізеді. Осыдан кейін тараптар дауды шешу үшін медиацияның ұтымдылығын түсіне отырып, оны барлығы үшін тиімді шешім ретінде таңдайды.

Осындай істердің бірі К-ге қатысты мұрагерлік іс болды. 1992 жылы ол басқа отбасы мүшелерімен қатар пәтерді жекешелендіру шартына енгізілмей қалған, ол туралы әкесі қайтыс болғаннан кейін белгілі болған. Қайтыс болған әкенің өз үлесін екінші әйеліне өсиет етіп қалдырғаны К. үшін күтпеген жағдай болды. Дауды мұрагерлер арасында сотқа дейінгі тәртіпте шешу мүмкін болмағандықтан, К. сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандырусыз қалдырады. К. апелляциялық шағым береді, оны қарау кезінде сот алқасы тараптарды татуласуға алып келген және ойлануға уақыт берген. Нәтижесінде өзара тиімді жағдайларда сот бітімгершілік келісімін бекітеді, ол бойынша пәтер сатылуға, ал түскен сома мұрагерлер арасында тең бөлінуі тиіс болады. Бұл ретте бір де бір Тарап ұтылған жоқ, себебі пәтер сатылған жағдайда көрсетілген сомадан артық болса, айырмашылық барлық тараптардың арасында тең бөлінетін болады.

Басқа іс бойынша, көлік жуу құрылысы үшін көптен күткен жер телімін алған аса жас емес кәсіпкер Б. да, өз мүлкін жария еткен гараждың меншік иесі А. да, жақын арада көптен күткен сатып алған мүліктерінің олар үшін сот дауына айналатынын болжай алмады. Мемлекеттік органның учаскелерді беру кезіндегі қателіктеріне байланысты А. тиесілі гараждар нақты түрде кәсіпкердің жерінде орналасқаны анықталды. Әрбір меншік иесі өзінің әділдігіне сеніп, «көрпені» өз жағына тартуға тырысады. Нәтижесінде тараптар ұзақұа созылған  сот ауырлығына тартылып, барлық құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы бір-біріне көптеген талаптар қояды. Бірінші сатыдағы сот шығарған сот актісі тараптардың ешқайсысын қанағаттандырмайды.       

Осы күрделі және келешегі жоқ жағдайды апелляциялық саты сот медиациясын жүргізу жолымен шешті. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, соған сәйкес тараптар өзара ымыралы келісімге келді.

Әрдайым да уағдаласуға болады. Бұл туралы түрлі дәуірдегі әлемдік өркениеттің тарихи тәжірибесі дәлелдейді. Диалог жүргізе алмау, күшін жария көрсетуге, қарсыласын кемсітуге немесе моральдық жоюға ұмтылу қақтығысатын тараптарды тұйыққа тірейді. Көбінесе, жоғарыда келтірілген мысалдардан көрініп тұрғандай, мұндай жағдайлардан шығудың жалғыз шешімі татуласу болып табылады.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі