Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Ардагерлер ұйымы филиалының арасында Ынтымақтастық туралы келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Айтқазы Шерубаев Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісім қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, татуластыру рәсімдерін жандандыруға, соның ішінде билер институтын дамытуға бағытталған.

Келісімге қатысушылар билер мен медиаторлардың қатысуымен медиацияның және дауларды соттан тыс шешудің артықшылықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, билер кеңесімен, татуластыру орталықтарымен дауларды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу бойынша өзара әрекет жасауды жоспарлады.

Н.Қайырбеков пен А.Шерубаев сөз сөйлей келіп, Келісім қарт қызметкерлердің және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, сот талқылауынсыз азаматтық дауларды шешуге  ықпал етуде Ардагерлер кеңесінің қызметін жандандыру үшін күш-жігерлді біріктіруе септігін тигізетініне сенім білдірді.

 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі