Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Ғ. Бапақов БҚО Жәнібек ауданының Құрметті азаматы болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінің ардагері Ғалымхан Бапақовпен кездесу өтті.

Ғ.Бапақов – Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы, "Құрметті судья", "Үш би" және "Судьялар Одағының Құрметті мүшесі" атақтарының иегері. "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен, мерейтойлық медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Облыстық соттың төрағасы Бек Әметов ардагерге сот ғимаратына экскурсия жасап, сот төрелігінің сапасын арттыру бойынша облыстың судьялар корпусының жұмысы туралы айтып берді. Іс-шараға сондай-ақ, өңір судьялары да қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі Азамат Сафималиев Батыс Қазақстан облысының тумасы Ғалихан Бапақовқа "Жәнібек ауданының Құрметті азаматы" атағын табыс етті.

Ғ.Бапақов судьялар қызметі туралы айтып, сот жүйесінің заманауи жетістіктеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Ардагер әріптестеріне арнаған сөзінде "ары қарай дамуды, тек қана заң білімін ғана емес, сонымен қатар компьютерлік сауаттылықты, шет тілдерін меңгеріп, рухани өсуді” тіледі.

Ғ.Бапақов кездесуді ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі