Жоғарғы Сот Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай мемлекеттік жоспарын іске асыруға кірісті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі өкімімен бекітілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай мемлекеттік жоспарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

Аталған Жоспарға сәйкес, Жоғарғы Сот басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр: тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жаңа редакциядағы ҚК, ҚІЖК, ҚАК және ӘҚБК қабылдануына байланысты Жоғарғы Соттың қаулыларына мониторинг жүргізу, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық теріс қылықтарға ауыстыруға байланысты жалпы және қылмыстық юрисдикциядағы соттардың, мамандандырылған әкімшілік соттардың жүктеме нормативтеріне талдау жүргізу, сондай-ақ өзге іс-шаралар.

Жоспар облыстық және оған теңестірілген соттарға орындау үшін жолданды.

 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі