Жоғарғы Сот инвестициялық даулар бойынша семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанада «Ritz-Carlton» отелінің «Москва» конференц-залында «Инвестициялық сот ісін жүргізу бойынша халықаралық тәжірибе» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараны Жоғарғы Сот Қазақстандағы заңгерлердің америкалық қауымдастығымен (ABA ROLI) бірлесе отырып ұйымдастырды. Іс-шараның модераторы Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева болды.

Тренингте Жоғарғы және инвестициялық және экономикалық дауларды қарауға маманданған жергілікті соттардың судьялары, сонымен қатар, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің мүшелері, Халықаралық қаржы орталығының, бірқатар орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Айгүл Қыдырбаева мен Қазақстандағы құқық үстемдігі бастамасының америкалық заңгерлер қауымдастығы өкілдігінің басшысы Шолпан Ташмұхамбетова сөз сөйледі. 

Семинар-тренинг төрт бөлімнен тұрды: «Халықаралық тәжірибедегі инвестициялық даулардың ұғымы», «Инвестициялық дауларды қарау кезінде инвесторлардың мәртебесін анықтау бойынша халықаралық тәжірибе», «Қазақстан Республикасының қатысуымен инвестициялық дауларды қарау практикасы» және «Инвестициялық шарттар тұрғысындағы салықтық даулар туралы».

Шара барысында шетелдік сарапшылар инвестициялық дауларды қараудың халықаралық тәжірибесі, оларды соттар мен төрелікте шешудің практикасы бойынша өзекті ақпараттар ұсынды.

Халықаралық сарапшы Азер Алиев, Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінің қауымдастырылған профессоры тренинг қатысушыларын халықаралық инвестициялық сот ісін жүргізудің даму кезеңдерімен таныстырып, халықаралық-құқықтық актілерді – екіжақты инвестициялық келісімдерді жетілдіру жөнінде өзекті ақпараттар ұсынды, халықаралық инвестициялық құқықта байқалып отырған жаңа үрдістер мен көзқарастарды баяндап берді, сондай-ақ инвесторлардың халықаралық төрелік институтына жүгінуіне дейін алдын-алу шараларын уақытылы қабылдау қажеттігін атап өтті.

Лондондағы «White&Case» заң компаниясының төрелік практикасының заңгері, халықаралық инвестициялық дауларға қатысуда мол тәжірибесі бар Томас Вайль төрелік талқылауының практикалық аспектілеріне, инвесторлардың өз құқықтарын қорғауын жоспарлауына тоқталды, сонымен қатар инвестициялық келісім тұрғысында салықтық даулар туралы ақпарат ұсынды.

Жалпы, халықаралық сарапшылар инвестициялық сот ісін қалыптастыру, «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында жаңа сот және төрелік институттарын қалыптастыру бойынша Қазақстан тәжірибесінің ерекшелігін атап өтті.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Теги: