Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Шу және Мойынқұм аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім Шу және Мойынқұм аудандық соттарында болып, сонда ааматтарды көшпелі қабылдау жүргізі.

Осылайша, қабылдау барысында Шу қаласының тұрғыны Х.Тулендиева облыстық соттың төрағасына немересін құжаттандыруға қатысты өтінішімен жүгінді. Өтініш иесінің айтуы бойынша қиындықтар  мұраны ресімдеу кезінде туындаған. Мойынқұм ауылының тұрғындарында сот актілерін орындау мәселелеріне қатысты сұрақтары болды.

Р. Мырзақәрім өтініш білдірген әрбір адамды тыңдап, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмаларын  берді.

Бір қызығы, өткен жылдармен салыстырғанда аймақ соттарында сот актілері мен судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдардың келіп түсу үдерісінің азайғаны байқалады. 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.