Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері Тараздағы ювеналды сотқа барып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ұлыбритания Елшілігінің Қазақстандағы саяси бөлімінің басшысы мен саяси офицері Девис Джеки мен Лара Волкова болды.

Іс-шараға сондай-ақ облыс әкімдігі білім бөлімінің, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының, «Қоғамдық келісім», балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің, әділдік орталығының, АНК өкілдері, медиаторлар мен психологтар қатысты.

Ювеналды соттың төрағасы Ербол Дүйсенбаев қонақтарға республиканың ювеналды соттарының жұмысы туралы әңгімелеп, кәмелетке толмағандардың дивергенциясы және «отбасылық сот» жобасы аясындағы жұмысты ерекше атап, бітімгерлік рәсімдерді қолдану бойынша сот тәжірибесімен бөлісе отырды.

Қонақтар кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды ескеруменен сот істерін жеке өндірісте қарауға мүмкіндік беретін Қазақстанның ювеналды әділет бойынша тәжірибесін алдыңғы қатарлы деп атады. Бұл тәсіл БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» конвенциясының басымдықтарын іске асыруға сәйкес келеді.

Кездесуде қатысушылар кәмелетке толмағандардың сотталушы, жәбірленуші немесе куә ретінде қатысуымен өтетін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді қараудың сот тәжірибесін және ерекшеліктерін талқылады.

Кездесудің соңында қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту қажет екендігі туралы ортақ пікірге келді.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.