ТЖ - соттасатын уақыт емес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бес жұмыс күні ішінде (ағымдағы жылғы 26-31 наурызда) республика соттарында 7 мыңға жуық сот отырысы өтті. Бұл оның алдындағы апта деректерінен бірнеше есеге аз: 4 күнде 26 мыңнан астам!
Осылайша адамдар вирустың таралу қаупін түсіне бастады! Олар сот талқылауларын неғұрлым кейінге қалдыруда. Бұл, әрине, құптарлық жағдай!
Дегенмен, 7 мың сот талқылауының 3 мыңы - бір сот залында тараптардың тікелей қатысуымен өтті. Осылайша, аталған адамдар өздерінің ауру жұқтыру қаупіне немқұрайлы қарап, қауіпті вирустың таралуына себепкер болуда.  Өздерінен бөлек, процеске қатысатын прокурорлар, адвокаттар және судьялар туралы ойламауда.
5 күн ішінде үш мың сот процесі тараптардың талап етуіне байланысты өткен. Карантинге қарамастан олар сот отырысына тікелей қатысуға ниет білдірді. Мұндай қамсыздыққа таң қалмасқа шара жоқ: "ештеңе етпейді", "вирус қауіпті емес"... Осы ретте олардың әрбіріне сотқа қашықтан қатысу қажеттігі барынша түсіндірілген болатын.
ЖС сот ісін жүргізуде ақпараттық технологиялардың сан түрін пайдалануды барынша кеңейтті. Сонымен, 7 мың сот процесінің 4 мыңнан астамы (60,2%) БКБ, МБКБ және месседжтер пайдалана отырып,  яғни қашықтан өткізілді. 16 наурыздан бастап 30 наурыз аралығында республика соттарына барлығы 35 566 талап арыз (арыз) келіп түсті. Оның 92% (32 680) –электронды форматта. Адамдар қашықтан болса да сотқа қатысуды әлі де жалғастыруда.
Дегенмен карантинге байланысты сотты кейінге қалдыратын уақыт келді№
Статистика мынадай  жағдайды көрсетіп отыр: карантин кезінде жалпы қылмыстар саны азайғанымен, отбасы-тұрмыстық азаматтық даулар саны артқан. Осы жағдайда медиацияны кеңінен қолдану қажеттігін айтып келеміз. Татуластыру дәл бүгінгі күні ерекше қажет рәсім!
ЖС «Онлайн татуластыру» сервисін іске қосты. Оның көмегімен кез-келген адам республика соттарының сайттарынан осы өңірде жұмыс істейтін медиаторлардың тізімін оңай таба алады. Олар кез-келген дау-дамайды сотқа жеткізбестен шешуге көмектеседі. Нақты және кәсіби жұмыс істейді.
ТЖ - соттасатын уақыт емес!
ТЖ - татуласатын уақыт!
Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Теги: