Түркістан облысының Шардара аудандық сотында билер кеңесі құрылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» қанатқақты жобасын іске асыру шеңберінде сотқа дейінгі сатыда татуласу рәсімдерін қолдануды жандандыруға арналған кездесу өтті.

Іс-шараға облыстық соттың судьясы Бүркіт Байдоллаев, аудандық соттың судьялары, әкімдіктер мен полицияның өкілдері, медиаторлар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аудандық соттың төрағасы Алпысбай Нәлібаев қатысушылардың назарын татуласу рәсімінің артықшылығына аударды. Судья Сапархан Умаров билер сотының тарихи маңызы туралы айта келіп, Билер кеңесін құруды ұсынды.

Кездесуге қатысушылар осы пікірді қолдайтындықтарын білдіре келіп, Билер кеңесінің қызметін регламенттейтін арнайы ереже дайындаудың қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар олар билер кеңесінде қарауға жататын даулардың санаттарын белгіледі. Әкімдіктердің өкілдеріне сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін өткізу үшін Билер кеңесіне арнап үй-жай қарастыру, ал билерге - өздеріне жүгінген адамдарды тіркейтін журнал ашу ұсынылды.

Источник: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі