Оралда соттан тыс татуласу орталығы ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оралда Соттан тыс татуласу орталығының ашылуының  салтанатты рәсімі болып өтті.

Орталықтың жұмысы құқық бұзушылық профилактикасына ықпал етуге және дау-жанжалдарға қатысушыларды әлеуметтік оңалтуға, дауларды соттан тыс шешу институттарын танымал етуге және қоғамдағы жанжалды азайтуға бағытталып отыр. Бұл іс-шараны Батыс Қазақстан облыстық соты Қазақстан халқының ассамблеясы филиалымен және  облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесе отырып өткізілді.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Исқалиев, облыстық сот төрағасы Бек Аметов, ҚХА филиалы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов, облыстық әкімдік, сот, прокуратура өкілдері, адвокаттар, Билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар, заңгерлер мен сот орындаушылары қатысты.

Орталықты облыстық сот төрағасы Бек Аметов пен 2018 жылдың ең үздік медиторы Құрман Бисеғалиев символикалық лентаны қиып ашты .

Б.Аметов, сөз сөйлей келіп, Орталықтың азаматтар үшін ыңғайлы тұрғылықты жерін және туындаған дауларды шешудегі оның мүмкіндіктерін атап көрсетті. Ол Орталықтың жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек дауларын сотқа дейін реттеуге, жанжалды ахуалдарды жедел шешуге, дау тараптарына заңгерлердің, прокурорлардың, сот орындаушыларының заңгерлік көмегін көрсетуге, заңгерлік консультациялар беруіне, медиаторлардың, психологтар мен қала әкімдігі әлеуметтік қызметтері өкілдерінің қызметтерін көрсетуге бағытталатынын хабарлады.

Соттан тыс татуласу орталығы жиһазбен, компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі