Орал қаласының «Түнгі соты» өткен 8 айда 544 әкімшілік істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың 8 айында 544 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Оның 122-і - отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар және 259 - ұсақ бұзақылық. Қалғаны қоғамдық орындарда масаң  күйде болуымен, жол-көлік оқиғаларымен, ішкі істер органдары шығарғанқорғау нұсқамасын бұзумен, құқық бұзушылықтармен, көлік басқарумен, жүргізуші жол-көлік оқиғаларына байланысты өз міндеттерін орындамауымен, сот актілері мен атқарушылық құжаттардың орындалмауымен байланысты. Тек осы жылдың 4 маусымында жоба шеңберінде сот 24 істі қарады. Мұндай істерді сот қараған кезде медиация кеңінен қолданылады.

Мәселен, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 51 әкімшілік іс бойынша тараптар татуласу туралы келісім жасасты және олар бойынша іс жүргізу тоқтатылды. «Түнгі сот» жобасының ерекшелігі айқын. Процестерге қатысушылар әкімшілік істерді, атап айтқанда, жол-көлік оқиғаларына қатысты істерді қарауға  уақыттың қолайлы екенін атап өтті, бұл апат салдарын мүмкіндігінше тезірек жоюға және зақымдалған көлік құралдарына сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі