Медиация – қоғам мен уақыт талабы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанадағы татуласу орталығы танымал бола түсуде.

Үш айдағы жұмыс кезеңі ішінде шамамен 1 000 өтініш келіп түсті, 300-ге жуық медиативтік келісім жасалды. Әрбір айтылған дауға кемінде екі адам қатысатынын ескерсек, шамамен 600 адам дау-дамайды сот ауыртпалығын тартпастан шешкен.

Орталықтың азаматтардың құқықтық жетістіктеріне бағдарлануы татуласу бойынша қызмет көрсетумен шектелмейді. Әр сенбі сайын Орталықта адвокаттардың жәрдем беруімен тегін кеңес беріледі. Орталық медиаторлармен, психологтармен, нотариустармен, учаскелік инспекторлармен және сот орындаушыларымен ынтымақтаса отырып жұмыс істейді.

Осы жерде халықаралық  сарапшы-медиатор, Германиялық отставкадағы судья Артур Троссеннің қатысуымен татуластырушы судьялар мен Билер кеңесі үшін семинар-тренинг өткізілді.

Татуласу астаналық соттарда да жүргізілді, онда өткен 8 айдың ішінде татуласу рәсімдерін қолдана отырып, 3 504 татуласу келісімдері жасалды.

Осы кезең ішінде апелляциялық сатыда 65 келісім жасалды

Медиация арқылы дауларды шешу өмірдегі әртүрлі салада оның тиімділігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі