Қызылорда облыстық сотының судьялары «Жаңа күн» бағдарламасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 28 мамырда Қызылорда облыстық сотының судьялары Н.Бесбаева мен А.Ерманов «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирде өткен «Жаңа күн» бағдарламасына қатысты.

Бағдарламада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы сот корпусының алдына қойылған міндеттер, сондай-ақ азаматтық сот өндірісінде судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімдері, сот медиациясы пилоттық жобасы, оның іске асу барысы талқыланды.  

Сонымен қатар, бағдарлама барысында сотта тараптардың дауды сотқа дейін реттеу, азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері аясында бітімгершілік рәсімдерін кеңінен пайдалану, сот ісін жүргізуде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мәселелері туралы сөз қозғалды.  

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі