Еліс Әбдіқадыров – Алматы облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин өңірдің судьялар корпусына Алматы облыстық сотыың жаңадан тағайындалған төрағасын таныстырды. Оған бұрын Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы қызметін атқарған Еліс Әбдіқадыров тағайындалды.

Кездесуге облыс әкімі Амандық Баталов, өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Е.Әбдіқадыров туралы айтқанда А.Рахметулин оның судья жұмысындағы 20 жылдық өтілін, білікті заңгер және білімді басшы екенін атап өтті.

Сондай-ақ, А.Рахметулин облыстық соттың бұрынғы төрағасы Мейрамбек Таймерденовтың сот жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оған Жоғарғы Соттың азаматтық алқасының төрағасы болған жаңа лауазымын атқаруда табыстарға жете беруіне тілектестік білдірді.

Одан әрі А.Рахметулин кеңес өткізді, оның барысында өңірдің судьялар корпусын заңдарға енгізілген түзетулерге, сот төрелігін іске асыру сапасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, судья әдебі нормаларын сақтау және электрондық сот төрелігін дамыту мәселелеріне назар аударды.

Қорытындылай келе, ол судьялар корпусының алдына Жоғарғы Соттың пилоттық жобаларын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі