Е. Әбдірасылов С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігі академиясы Институтының директоры, «Мінсіз судья» жобасының менеджері Ермек Әбдірасылов С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде лекция оқыды.

Лекцияның тақырыбы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына орай сот жүйесін жаңғыртудың өзекті проблемалары». Лекцияны тыңдаушылар – экономика және құқық факультетінің студенттері, магистранттар мен профессорлық-оқытушылар құрамы. Лекцияға судьялар корпусы, прокуратура, әділет өкілдері, сондай-ақ ШҚМУ заң факультетінің түлектері қатысты.

Лектор тыңдаушыларды лекция барысында республика соттарында халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар және заңның үстемдігін қамтамасыз ету, судьялардың мәртебесін көтеру тетіктері мен механизмдері, судьялар лауазымына кандидаттарды іріктеуді қатайту туралы хабардар етті.

Лекция аяқталғаннан кейін  Е. Әбдірасыловқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті профессорының дипломы, төсбелгісі мен мантия тапсырылды.

ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Е. Әбдірасыловтың жоғары оқу орнының ғылыми-академиялық қызметіне қосқан үлесін атап өтті.                  Е. Әдірасылов өз кезегінде университет ғалымдарымен одан әрі ынтымақтастыққа, жас ғалым-заңгерлерді дайындауға салмақты үлес қосуға дайын екенін айтты. 

Источник: 
Сот төрелігі академиясы