Дүниежүзілік Банктің өкілдері Батыс Қазақстан облысының соттарында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дүниежүзілік Банктің өкілдері Валид Малик және Клара Магани Орал қаласының № 2 сотында, Батыс Қазақстан облыстық сотында және ағымдағы жылы ашылған Татуласу орталығында болды.

Сапардың мақсаты - өңір соттарының медиацияны қолдану аясын кеңейту және олардың түрлі органдардың осы бағыттағы қызметін жетілдіру бойынша өзара іс-қимылымен танысу. Дүниежүзілік банктің өкілдерін халықтың медиация институты және сотқа түсетін жүктемені төмендетуде медиаторлар қызметінің тиімділігі туралы хабардар болуы, медиация институтына деген сенімді арттыру және соттардың заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстары қызықтырды.

Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы Бек Әметов қонақтарды татуластыру рәсімдерімен таныстырды, атап айтқанда ол соттан тыс медиация және медиация жобаларын жүзеге асыру жөніндегі соттардың қызметі туралы хабардар етті. Соттарда жүргізіліп жатқан өзгерістер, олардың сот төрелігін жүзеге асырудағы және жүктемені азайтудағы рөлі, қоғамдағы жанжалдарды барынша азайту және дауларды бейбіт жолмен реттеу тетіктері түсіндірілді.

Қонақтар соттарда болған кезде сот отырыстарының залдарымен,        келушілерге арналып бөлінген үй-жайлармен (фойе), судьялардың және соттар кеңселері қызметкерлерінің кабинеттерімен, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің, «Сот кабинетінің» және АБТ жұмысымен танысты.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі