Батыс Қазақстан облысының «отбасылық соттары» 300 отбасыны сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының соттары 2019 жылдың 8 айында 1 842 неке бұзу дауларын медиация тәртібімен реттеу туралы 300 келісімді бекітті. Ювенальды соттың судьялары балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы 31 және баламен қарым - қатынас тәртібін анықтау туралы 17 дауды медиация тәртібімен реттеді. Жалпы өңір бойынша «отбасылық соттар» жұмысының арқасында 300 отбасыны ажырастырмай сақтап қалудың сәті түсті.

Соттардың қызметі «Отбасылық сот» жобасы аясында дауларды сотқа дейін реттеуге бағытталған. Ол үшін соттарда бітімгершілік рәсімдерді жүргізу жөніндегі арнайы кабинеттер ашылды.

Кабинеттер тараптардың өзара емін-еркін әңгімелесуі үшін  ыңғайлы ашық түсті жиһазбен жабдықталған. Мұнда білікті психолог жанжалға қатысушылармен әңгіме өткізіп, оларға дауды сот тәртібімен шешудің психологиялық салдарын түсіндіреді. Судьи отбасылық-некелік қарым-қатынастардан туындайтын істерді қарау кезінде дауды мәні бойынша шешумен шектеліп қана қоймай, отбасыны сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі