Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Аметов жоғары оқу орындарының студенттеріне дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  Бек Аметов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті.

Б.Аметов «Сот жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс оқыды.

Жастарды сот жүйесінде, тұтастай сот құрылысы мен сот ісін жүргізуде өткізіліп жатқан тың өзгерістер туралы  жастарға таныстыру мақсатында өткізілген іс-шараға шамамен 900-дей адам қатысты.

Спикер «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының, пилоттық жобалардың іске асырылуы, медиацияны танымал ету туралы айтып берді, сот практикасынан көптеген мысалдар келтірді. Мәселен, Б.Ахметов татуластыру рәсімдерінің көмегімен дауларды сотқа дейін және сот талқылауының барысында реттеу жөніндегі жобалардың қоғамдағы дау-жанжалдарды азайтуға бағытталып отырғанын атап өтті.

Облыстық соттың төрағасы көптеген сұрақтарға жауап берді.

Тыңдаушылар дәрістің пайдалы әрі мазмұды болғанын айта келіп, болашақта да осындай іс-шаралардың өткізіліп тұруына мүдделі екендіктерін білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі