2014 жылдың 6 маусымында ҚР Жоғарғы Соты халықаралық конференция өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты IRZ халықаралық құқық ынтымақтастығы Герман қорымен бірлесіп қазақстандық Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылау шеңберінде «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі – уақыт талабы» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізеді.

Халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, отандық және халықаралық сарапшылар қатысады.

Өткізу орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 39 үй, ҚР Жоғарғы Соты ғимараты, конференц-зал. Басталу уақыты: сағат 9.30-да.

Іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері шақырылады. БАҚ өкілдерінің аккредитациясы 2014 жылдың 5 маусымына дейін 74-76-09 телефоны және pressa@supcourt.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі