Жоғарғы Соттың төралқасы Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары соттарының бірқатар кемшіліктерін көрсетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары соттарының 2016 жылғы және 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің жай-күйін зерделеу, оларға практикалық көмек көрсетудің қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот төралқасының отырысы өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми жүргізді.

Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының басқа қызметке ауысқандығы ескеріліп, төралқа аталған өңір соттарының қызметі бойынша қаулыны талқылаумен шектелді. Облыс соттарына анықталған кемшіліктерді ескеріп, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, сот практикасын қорыту және сот қызметінің мәселелері бойынша талдамалық жұмысты күшейту, құқықтық түсіндіру жұмысын жандандыру, сот актілерінің сапасын арттыру, сондай-ақ басқа да бірқатар шараларды іске асыру ұсынылды.

Қарағанды облысы соттарының қызметін зерделеу бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы, көшпелі комиссия бойынша жұмыс тобын басқарған А.Рахметулин таныстырды. Бұдан әрі Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков, облыстық соттың алқа төрағалары Р.Нұрмағамбетов пен Ж.Сейдалина, сондай-ақ, сот әкімшісі Б.Нұрпейісов сөз сөйледі.

Есепті кезеңде істер санының артуы байқалады. Соттар шамамен 5,5 мың қылмыстық істі қараған, соттарға 101 мыңның шамасында азаматтық іс пен 33 мыңнан астам әкімшілік іс келіп түскен. Жаңа құқықтық жағдайлардағы соттар жұмысын талдау, соның ішінде, жеңілдетін іс жүргізуді кеңейту, медиация мен партисипативтік рәсімді қолдану арқылы қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу тиімділігінің артқанын көрсетті.  

 Дей тұрғанмен, облыс соттарында бірқатар түйткілді мәселелер де жоқ емес. Атап айтқанда, бұларға сот актілерін әзірлеу барысындағы кемшіліктер мен олардың уақытылы орындалмауы жатады. Сот талқылауына дайындықтың тиісті деңгейде жүргізілмеуі салдарынан қылмыстық істерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталды. Азаматтардың өтініштеріне жауапты кешіктіріп беру, мұрағат жұмысы сапасының төмендігі, сондай-ақ, бірқатар аудандық соттар ғимараттары жағдайының төмендігі секілді жағымсыз жайттар да бар.

Отырысты өткізу барысында Жоғарғы Сот Төрағасы Қарағанды облысына сапар барысында бұйрықтық іс жүргізу, апелляциялық саты жұмысы, сондай-ақ, жекелеген сот практикасының бірқатар мәселелері бойынша анықталған сыни ескертпелерді атап өтті.  

Талқылау қорытындысы бойынша Төралқа тиісті қаулы қабылдады. Жалпы алғанда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттардың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Облыстық сотардың төрағаларына, алқа төрағалары мен соттар әкімшілеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелер шараларды қабылдау қаежттігі айтылды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі