Жоғарғы Соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері #BizBirgemiz челленджіне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Жоғарғы Соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері #BizBirgemiz челленджінің шеңберінде жоғары сот органы ғимаратының аумағын тазалауға шықты.
«Боранды қар тек елорданы ғана емес, сонымен қатар басқа да өңірлерді қамтыды. Сондықтан эстафетаны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қатар, Қарағанды облыстық сотына да жолдаймыз», -  деді Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров.
#BizBirgemiz эстафетасын Жоғарғы Сот ұжымы Конституциялық Кеңес аппаратынан қабылдады.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың елорданы қардан тазалайық деген ұсынысын қолдап, мұны «Еріктілер жылындағы орынды бастама» деп атап өтті. 
 
Толығырақ келесі сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=bdIy9tPbQ4c
 
 
Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі