Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот ісін жүргізудің оңтайлы моделі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысындағы «Ақбұлақ» биік таулы курортында «Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот ісін жүргізудің оңтайлы моделі – заманауи құқық қорғау жүйесін дамытудың басым бағыты» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Форумды Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура Еуроодақ жобасы, Еуропа кеңесінің Венециялық комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесімен, Герман халықаралық құқық ынтымақтастығы қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қолқобаев, Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Парламент депутаттары, Жоғарғы Соттың судьялары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен отандық сарапшылар қатысты. Барлығы шамамен 100 адам.

 Конференцияға халықаралық ұйымдардан Египет Араб Республикасы Конституциялық Жоғарғы Сотының Төрағасы Әбдел Разек Әбдел Вахаб, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, Еуропалық Кеңестің Венециялық комиссиясының сарапшысы Георгий Папуашвили қатысты. Бұған қоса, Германия, Италия және Нидерландыдан көрнекті сарапшылар, ғалым-құқықтанушылар мен құқық қорғау институттарының өкілдері шақырылды.

Конференцияның мақсаты – 2015 жылы қабылданған қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық атқарушылық заңнамалардағы жаңашылдықтарды тәжірибеде іске асуын кеңінен талқылау.

Халықаралық конференцияны аша келе, А.Рахметулин Ақбұлақтағы конференция ізгі дәстүрге айналғанын атап өтті. Конференция құқық және құқықты қолданудың ауқымды мәселелері бойынша сарапшылық пікірталаста өз орнын тапты. «Осы алаңда тек мүдделі мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың ғана емес шетелдік мамандардың пікірін есту мүмкіндігі қуантады. Сонымен қатар, осында ұстанымдар мен баламалы ойларды тыңдап салыстыруға мүмкіндік беретін нағыз сарапшылық пікірталастың өрбитіні маңызды», - деді А.Рахметулин.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақбұлақтағы бүгінгі конференция Мемлекет басшысының бастамасымен конституциялық реформаны іске асырумен байланысты ел дамуының жаңа кезеңі бастауында өтіп отырғаны маңызды екенін атап өтті. Заң қауымдастығы үшін заңнаманы одан әрі реформалаумен байланысты алдағы уақытта күтіп тұрған ауқымды жұмыстың өзекті ұстанымы мен жаңа тәсілдерін әзірлеуге, пікірлерді салыстыру үшін таптырмайтын мүмкіндік болып табылады.

Конференцияда қаралатын тақырыптарды ескере отырып, А.Рахметулин жаңа қылмыстық заңнаманы қабылдағаннан бері қазақстандық сот ісін жүргізу қылмыстық процестің бұрынғы моделінен алшақтап, осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкестене түскенін айтты. Заңнаманы жетілдіру кәмелетке толмағандарға қарсы, лаңкестік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтарды, ұйымдасқан қылмыстық топ пен топтасудың құрамында жасалған қылмыстық жауаптылықты күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, А.Рахметулин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген тапсырмаларын орындау мақсатында  Жоғарғы Сот жазаны айыппұл түрінде тағайындау институтын кеңейту және қисынды мерзімін белгілеу мәселелері зерделеп жатқандығын атап өтті.

Конференцияның бірінші жұмыс күні үш тақырыптық сессиядан тұрды. Бірінші сессия шеңберінде қатысушылар Египет Араб Республикасының Конституциялық Жоғарғы Соты төрағасының орынбасары Әдел Омар Шарифтің Египет Араб Республикасындағы конституциялық реформасы туралы ақпаратты тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар аталған сессия шеңберінде заңдылық қылмыстық процестің негізін қалаушы қағидаты ретінде, кінәсіздік презумпциясы қағидаты қылмыстық процестегі адамның қол сұғылмаушылық кепілі, кінәні мойындау және сот төрелігімен мәміле жасау туралы келісім,  сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар бойынша сот ісін жүргізудің ерекшеліктері талқыланды.

Екінші сессияда мүдделі құрылымдардың өкілдері экономикалық қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеудің ерекшеліктері, материалдық объектілерді қолдан жасаудан қорғаудың құралы ретінде галаграммаларды пайдалану туралы айтты. Шетелдік қатысушылар сыбайлас жемқорлық және экономика саласындағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейін іс жүргізу, қылмыстық әрекеттің жасалғаны туралы өтінішті тіркеу рәсімі құжат айналымын құқықтық реттеу және оның практикасы туралы баяндады. Адвокатура өкілдері құқық үстемдігі тұрғысында тараптардың жарыспалылығы мен теңдігі туралы сөз қозғады.

Үшінші сессия «Сотқа дейінгі іс жүргізу: теориясы мен практикасының мәселелері» тақырыбына арналды. Аталған сессия шеңберінде Германия мен Нидерландыдан келген қатысушылар мәжбүрлеудің негізгі қылмыстық-процестік шаралары және олардың құқықтық алғышарттары, коммерциялық құпияны және бизнестің мүдделерін қорғау, қылмыстық процестегі дәлелдеу туралы айтты.

Мүдделі құрылымдар мен адвокатура өкілдері алқабилер институты, қылмыстық процесте адам құқығын сақтау және т.б. қылмыстық-процестік заңнаманың өзекті мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Конференция барысында қатысушылар бағдарламада белгіленген барлық мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасты.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі