Соттан тыс және міндетті сотқа дейінгі тәртіпті қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы заңда қарастырылған соттан тыс және міндетті сотқа дейінгі тәртіппен рұқсат етілген Даулар бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеген.

Әдістемелік ұсынымдар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеудің тәртібі мен шекараларын нақты айқындауға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұсынымдар өндіріп алушыларға уақытты және материалдық шығындарды теке жұмсамауға, негізсіз талап қоюлар мен кері қайтарылатын талап қоюлар санын қысқартуға көмектеседі.

Азаматтық істер бойынша дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын одан әрі дамыту – мемлекеттің қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету жөніндегі стратегиялық бағыты болып табылады.

Әдістемелік ұсынымдар осында орналастырған:

https://sud.gov.kz/kaz/content/distemelik-usynymdar

 

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Теги: