Павлодарлық судья азаматтық және азаматтық процестік заңнама үрдістері туралы Бүкілресейлік IV ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ресейлік мемлекеттік сот төрелігі университеті» Қазан филиалының Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім білім беру мекемесінде шет елдердің және Ресейдің жоғарғы кәсіптік оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші құқықтанушыларының қатысуымен өткен «Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы және оны қолдану тәжірибесінің заманауи даму үрдістері» атты Бүкілресейлік IV ғылыми-тәжірибелік конференцияға Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марина Иванова қатысты.

М.Иванова конференцияның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы балалардың  қатысуымен азаматтық істерді қараудың процестік ерекшіліктері» атты тақырыбына судьяның баяндамасы ұсынылды. Онда Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған соттарды құру тарихы, балалардың қатысуымен азаматтық сот ісін жүргізу ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес балалардың мүдделері үшін татуластыру рәсімдері, ювеналдық әділеттілікті дамыту, сот шешімдерін шығару барысында халықаралық шарттарды, ювеналды сот ісін жүргізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сияқты мәселелер қарастырылған.

Конференция соңында судьялар Татарстан Республикасы Жоғарғы Сотына экскурсияға барып қайтып, оның төрағасыИльгиз Гилазовтың қабылдауында болды.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі