Павлодарда істі медиация тәртібінде шешу нәтижесінде талапкерге 18 миллион көлемінде төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандарндырылған экономикалық сотында «К» АҚ-ның «Г» ЖШС-ге 600 млн. теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар арасында дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім жасалды.

Сот медиациясы тәртібінде дауды (жанжалды) реттеу бойынша сот ұйғарымына сәйкес, жауапкер талапкерге 2017 жылғы 1 сәуірге дейін 600 млн. теңге көлемінде қарыз төлеуге міндеттенді.

Салық кодексінің 548-бабының 1-тармақшасының 1, 2 тармақшаларына сәйкес, талапкер төлеген 18 млн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж сомасы талапкерге қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі