Сн, 18/03/2017 - 10:32
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ы "Жайықжылуқуат" АҚ-нан 585 000 000 теңге (берешек сома) және 6 399 775 теңге (келісім-шарты бойынша тұтынылған табиғи газ үшін тұрақсыздық айыбы) өндіріп алу туралы талап арызымен Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.
Талапкер талапт арызында жауапкердің ұзақ уақыт бойы берешегін уақтылы төлемей келгенін алға тартқан. Жауапкердің мекен-жайына жіберілген ескертулер ішінара қанағаттандырылып келген, осыған байланысты талапкер бұзылған құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар өз тараптарынан Келісімде ескертілгендей өз міндеттерін көлемі мен мерзімдері бойынша ерікті түрде орындауға кепілдік бере отырып, медиация тәртібімен келісімді бекіту туралы өтініш берген. Сот медиативтік келісімді бекітті. ҚР АІЖК-нің 277 б. 6т. негізінде іс бойынша өндіріс тоқтатылды. ҚР Салық кодексінің 548 б. 1 т. 1-2 т.т. сәйкес, 17 741 993 мөлшерінде төленген мемлекеттік баж сомасы бюджеттен талапкерге қайтарылды.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас мәліметтер
- Оралда «дөңгелек үстел» қатысушылары сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты дауларды қарау тәжірибесі талқыланды
- Оралда сот өтемақы ретінде 6 миллион теңге моралдық залалды төлеуге міндеттеді
- Оралда сот сегіз жүз миллионнан астам теңгені өндіру туралы талапты медиация рәсімі шеңберінде қысқартты