«Новый протест генерального прокурора по делу GP Gunter Papenburg AG» атты жарияланымға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта Бас прокурордың наразылығы бойынша «GP Gunter Papenburg AG» компаниясының «К-Дорстрой» акционерлік қоғамына қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Компания талап арызында даулы мәміле жасар алдында «К-Дорстрой»-дың қаржылық жағдайына қатысты мәліметті дұрыс бермей, жаңылыстырғанын көрсеткен.

Сот алқасы даулы шарт жасасқан кезде жауапкердің әрекетінде жосықсыз іс-қимылға жол берген деген тұжырым жасады.

Жоғарғы Соттың қаулысымен жаңа шешім қабылданды. Талап арыз қанағаттандырылды. 2008 жылғы 14 шілдедегі сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылып, тараптардың міндеттемелік жағдайы бұрынғы қалпына келтірілді. Жауапкерден талапкердің пайдасына акциялар үшін төленген соманы өндіріп алуға қаулы етілді.

Осы іс бойынша толық ақпарат сот актісі дайын болғаннан соң ұсынылады.

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі