Назгүл Рахметуллина Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының ұжымына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Назгүл Рахметуллинаны таныстырды.
 

Назгүл Мәуілханқызы өз ісін адал атқаратын әрі принципшіл маман. Еліміздің сот жүйесінде атқарған көп жылдық тәжірибесі бар. Оның осы аса жауапты лауазымға тағайындалуы Мемлекет басшысының зор сенімін білдіреді», - деп атап өтті А.Мерғалиев.

Ол Н.Рахметуллина өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жұмсай отырып, қызметтік борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Жоғарғы Соттың Төрағасы Талғат Ибрашевті Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.
 

Сіз қай лауазымда жұмыс істесеңіз де әрқашан өзіңізді міндетіне жауапкершілікпен қарайтын білікті басшы, тамаша ұйымдастырушы ретінде көрсетіп келесіз. Сіздің алдыңызда үлкен міндеттер тұр. Сіздің осы міндеттерді абыроймен атқаратыныңызға сенімдімін», - деп атап өтті А.Мерғалиев.

Н.Рахметуллина мен Т.Ибрашевті құттықтай отырып, әріптестері оларға жаңа лауазымда биік мақсаттарға қол жеткізулеріне тілектес екендіктерін білдірді.
 
Анықтама:

Назгүл Рахметуллина  – 1978 жылы туған, ШҚО тумасы.
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін мына лауазымдарда жұмыс істеді:
2000-2004 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық сотының маманы,
2004-2015 ж.ж. –  Өскемен қаласы № 2 сотының судьясы,
2015-2020 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

Талғат Ибрашев – 1969 жылы туған, Қостанай облысының тумасы.
Орал мемлекеттік заң академиясын бітірген.
1993 -1996 ж.ж. – кеден органдарындағы қызмет.
1996 -1997 ж.ж. – Торғай облыстық сотының ағакеңесшісі.
1997-1999 ж.ж. – Арқалық қалалық сотыныңсудьясы.
1999-2004 ж.ж. – Қостанай облыстық сотыныңсудьясы.
2004-2010 ж.ж. – Қостанай аудандық сотыныңтөрағасы.
2010-2012 ж.ж. – Қостанай қаласы әкімшілік сотының төрағасы.
2012-2016 ж.ж. – Рудный қалалық сотының төрағасы.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.