Маңғыстау облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында Маңғыстау облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің  қауіпсіздік басқармасының ішкі тергеу бөлімінің бұрынғы басшысы Ғ.Қайрәлиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Ғ.Қайрәлиев Маңғыстау облысы бойынша  «Ақтау ЦТО» кеден бекеті басшысының қызметіне жалпы ықпал жасағандығы үшін 2000 АҚШ доллары көлемінде пара алуға оқталған.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Ғ.Қайрәлиев Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігінде, 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өзіне тиісті жеке мүлкін тәркілеу жазасы  тағайындалды.

Сонымен қатар, Ақтау қалалық соты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің бірінші  басшысының атына және Атырау облыстық адвокаттар алқасының атына анықталған заң бұзушылықтар туралы жеке қаулы шығарды.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі