Дс, 17/07/2017 - 19:12
Қызылорда қаласының № 2 сотында үш қазақстандық азамат пен екі Қытай азаматтарына қатысты төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтарған қылмыстық іс қаралды.
Сот анықтағандай, 2011 жыл мен 2014 жыл аралығында «Сибу Қызылорда инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС-нің жалпы сомасы 1 301 822 961 теңгені қосымша есептелген салығын төлеуден жалтарған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 26-тармағында ҚР ҚК-нің 245-бабы мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылған: «Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам (қылмыстық топ жасаған іс-әрекетті қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады».
Сотталушылар ерікті түрде төлем тапсырмасына сәйкес 1 301 822 961 теңге салықты толық төлеген.
Сот қаулысымен аталған заңның қолданылуымен сотталушылардың жағдайын өзге де түрде жақсартуымен қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды. Сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Ұқсас мәліметтер
- Қызылорда облысының судьялары салық органдарының әрекеттеріне шағым жасау жөніндегі дауларды талқылады
- Қызылордада судьялар сот орындаушылардың әрекеттеріне шағым жасау жөніндегі дауларды талқыға салды
- Қызылордада облыстық сотының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілерге «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктерін түсіндірді