Қостанайда сот екі шаруашылық арасындағы дауды партисипативтік рәсіммен шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Журжа» шаруа қожалығыныңөкілі «ОПТИСОРТ»  ЖШС-нен айыпақыны өндіру туралы шығымымен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері болып табылатын  адвокаттардың қол қоюы арқылы партисипативтік келісім жасау туралы өтініш түскен.

Даудытараптар мүддесі үшін адвокаттардыңпартисипативтік келісім арқылы шешуі заңға қайшы еместігін,сонымен қатар, тараптар арасындағы бітімгершілік өзге тұлғалардың мүддесіне нұқсан келтірмейтіндігін ескере отырып, сот дауды партисипативтік рәсіммен шешу туралы келісімді бекітті.

Келісім шарттары бойынша «Журжа» шаруа қожалығы өзінің шағымынан бас тартады, ал «ОПТИСОРТ»  ЖШС тиісті қаражатты келісілген мерзімде өтеп, астық кептіргішке кепілдік және сервистік қызмет көрсетуге келісім-шарт жасайды.

ҚР Салық Кодексінің 548-бабы 1-бөлігі 1-2-тармағына сәйкес, егер даулы мәселе тараптардың партисипативтік келісімге келуімен шешілген болса шағым иесінің сотқа жүгінер кезіндегі төлеген баж салығы толығымен өзіне қайтарылатындығын атап өткен жөн. 

Партисипативтік келісім бекіту туралы  сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі