Қостанайда пәтерінен айырылу қауіпінде болған азаматша сотта қызымен татуласып, бітімгершілікке келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны сыйға тарту келісімін жарамсыз деп тану туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген. Осыдан бір жыл бұрын ол өзінің үш бөлмелі пәтерін қызына сыйға тарту шартын рәсімдеген. Жылжымайтын мүлік 27 жастағы азаматшаға туристік визамен АҚШ-қа баруы үшін керек болған. Ол кейін көші-қон жағдайын өзгеріп тұрақты сол елде қалуды жоспарлаған. Қызы анасына америкалық визаны алған соң пәтерді өзіне қайта рәсімдеуге уәде етеді.

Алайда, Қазақстандағы АҚШ елшілігі оған виза беруден бас тартқан. Ал пәтер иесіне қайтарылмаған, өткені қызы виза алуға қайта жүгінбекші болған.

Үлкен қызының пәтерді қайтадан өзіне рәсімдейтініне күмән келтірмеген азаматша В. бұрынғыша жұбайымен және жас баласымен пәтерде тұрып жатады. Біраз уақыт өткен соң пәтердің сатылымға қойылғанын айтып, оны көруге келушілер қатары көбейген. Қызының оны жас баласымен далада қалдырмақ болғанын түсінген азаматша сотқа шағымданған.

Істің сотта қаралуы барысында тараптар істі бітімгершілікпен аяқтауға ниеттерін білдірген. Бітімгершілік келісім шарттарына сай, жауапкер анасы мен сіңілінің меншігіне пәтердің 3/1 бөлігін береді. Ал талапкер жауапкерге қойған шағымынан бас тартады.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі