Әкелі-балалы Матаевтар ақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі  апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады.

Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды.

Сейтқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

ҚПК-нің 39-бабына сәйкес ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеттіру құқығы танылды.

Наразылық ішінара қанағаттандырылды.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Теги: