Қазақстанның Судьялар одағында кадрлар құрамы өзгерді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Орталық кеңестің қаулысымен Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековтің Судьялар  Одағының төрағасы өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініші қанағаттандырылды. Орталық кеңестің құрамына  Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолланың кандидатурасы ұсынылып, оған Судьялар Одағы төрағасының міндеттері жүктелді.

Еңбек жолын облыстық соттың тағылымдамашысынан бастаған  Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков еліміздің сот жүйесінде ұзақ жыл әр түрлі лауазымда адал да мінсіз еңбек етті. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, Еуразиялық Экономикалық Одақтың төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. Жалпы судья лауазымындағы еңбек өтілі 34 жыл. 2020 жылдан «Банк «Bank RBK» АҚ- тәуелсіз директоры - Директорлар кеңесінің мүшесі.

Сәкен Жүсіпахметұлы Абдолла прокуратура, әділет органдарында қызмет етті. Жалпы судья лауазымындағы еңбек өтілі 18 жылдан асады. 2018 жылдан Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

Источник: 
«Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» РҚБ Орталық кеңесінің хатшылығы