Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды.
Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді. Бұл шара соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді.