Архив событий

21/06/2017

Қырғызстан Жоғарғы Сотының өкілдері Қазақстанның электронды сот ісін жүргізудегі жетістіктерімен танысты

21/06/2017

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ағымдағы жылғы 21-22 маусымда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаментінің делегациясы Қазақстанның жоғары сот органына келді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров Көкшетаудың соттарында жұмыс кездесулерін өткізді

21/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Көкшетаудың соттарында жұмыс кездесулері барысында сот ұжымдарымен кездесті және сот жұмысымен танысты.

Д.Әміров кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, Көкшетау қалалық және мамандандырылған әкімшілік соттарында судьялар мен сот қызметкерлері, прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткізді. Кездесу барысында тағайындалған төрағалар, судьялар таныстырылып, ағымдағы жылғы 5 айдың жұмыс сапасы талқыланды, алдағы мерзімге міндеттер қойылды.

Республика соттарында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

21/06/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Мұғалжар аудандық сотына іссапармен барып, жұртшылықпен, аудан активімен кездесті.

Кездесу барысында №2 Мұғалжар аудандық сотының төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Аслан Мұқановты таныстырды. Іс-шара барысында Мұратғали Әкетай бұрын осы соттың төрағасы қызметін атқарған Алтынбек Сабыровтың Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне тағайындалғанын атап өтті.